Бүгін: 24.08.2019

Ү.ж. 16 қазанында  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының бастамасымен Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің ғимаратында «Қазтест» тапсыру жолдары мен тест тапсырмаларын орындау ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Саран қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен 60-қа жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Аталған шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы арнайы шақырылып, «Қазтест» жүйесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп қайтты.

Семинар соңында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Жүпенова Динараның  жиналған мамандармен «Миллион кімге бұйырады?» ойынына ұласты. Ойын барысында «Қазтест» бөліктері бойынша қызықты сұрақтар қойылып, алынған ақпараттар тәжірибе жүзінде бекітілді.