Бүгін: 13.11.2018

Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ жанындағы Қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығы өз жұмысына белсене кірісіп кетті. Бұл орталық қазақ тілінің латын графикасына ауысуының ғылыми-әдістемелік көмекті қамтамасыз ету жұмысымен айналысады және жалпы латынға көшу, тәжірибе алмасу мәселелеріне қатысты жұмыстарды жүргізбек.

Аталмыш орталықпен тығыз қоян-қолтық жұмыс жүргізу мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары ү.ж. 17 қазанда орталық жетекшісі, ф.ғ.к., доцент Мархаба Ахметқалиқызы  Тұрсыновамен кездесіп, болашақта бірлесіп атқаратын шараларды талқылап қайтты.

Сонымен қатар, Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен республика аумағында WhatsApp желісі арқылы өтіп жатқан аудиодиктантты  «Пернетақтада жазып дағдыланамыз» деген атаумен ү.ж. 8 қарашада ҚарМУ-дің жоғарғы курс студенттері арасында өткізу жоспарланды. Сондай-ақ болашақта латын графикасына негізделген қазақ тілін қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру, онлайн семинарлар мен вебинарлар өткізу көзделіп отыр.