Бүгін: 13.11.2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 1-ші курс студенті Савин Никита үш тілді еркін меңгерген жастар арасындағы "ТІЛДАРЫН" республикалық байқауында Бас жүлде иеленді! Жүлдегерге марапатты Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Амангелді Қожабеков ресми табыс етті.

Айта кетерлігі, Қарағанды облысы үшінші жыл қатарынан аталмыш байқауда бас жүлде иеленіп келуде: 2016 жыл - Шет ауданы, Ж.Ақылбаев
атындағы эксперименталды мектеп-гимназияның ағылшын
тілі пәні мұғалімі Нұрланов Нұрхан;

2017 жылы - Қарағанды қаласы, Қарағанды экономикалық университетінің 4-ші курс студенті - Әлібек Марат.

Бұл Елбасының үштілділік саясатының Қарағанды облысында жоғары деңгейде жүзеге асырылып отырғандығының бірден бір көрінісі.

Никитаны жеңісімен құттықтай отырып, алда да биік асуларды бағындыра беруіне тілектеспіз!