Бүгін: 11.12.2018

2018 жылдың 16 қарашасында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы жүлдегерлерін марапаттау шарасын өтті.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру, өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау, қолдау көрсету, Ақселеу Сейдімбектің ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармалашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Биыл қатарынан бесінші мәрте өткізіліп отырған байқауда әр жылды қоса алғанда 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ге жуық ел ішінен шыққан талапты қатысушы бақ сынады. Осы жылы облыстың Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск қалаларынан, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарынан мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, мәдениет қызметкерлері және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Болашақ» академиясы секілді беделді жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» секілді белгілі мерзімді басылымдардың жас журналистері т.б. сала өкілдері - барлығы 83 үміткер поэзия, проза, көсемсөз жанрларында шығармаларын ұсынды.

Байқауда келесі қазылар төрелік етті:

 Әбдуов Мұхаммедғали Ілиясұлы – қазылар алқасының төрағасы –  филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, профессор;

Асанов Қойлыбай Дәулетханұлы – ақын, филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры;

Жарылғапов  Жансая Жанғазыұлы – филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; 

Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы – «Орталық Қазақстан» облыстық газеті бас редакторының  бірінші орынбасары, Қазақстан Журналистер одағы және облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлықтарының лауреаты;

Жұмабеков Мейрам Кеңесұлы -  филология ғылымдарының кандидаты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының доценті.

Әділқазы мүшелері әрбір автордың сөз саптау мәнері, ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, туындының көркемдік сапасына назар аударды. Қазылар алқасының шешімімен  Ақселеу Сейдімбек атындағы бас жүлде иегері болып жас ақын,               облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Ерік Нарынов анықталды.

Поэзия аталымы бойынша:

І орын - «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің тілшісі Жәлел Шалқар;

ІІ орын - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Бек Ықыласов;

ІІІ орын - Сәтбаев қаласы әкімдігінің маманы Абай Ораз.

Проза аталымы бойынша:

І орын - Орталық Қазақстан академиясы тіл және аударма факультетінің аға оқытушысы Әділ Жакулаев;

ІІ орын - Қарқаралы ауданы Теректі ауылындағы №30 орта мектеп мұғалімі Нұрбек Мырзабек;

ІІІ орын - Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің тілшісі  Бағдат Қазкенов.

Публицистика аталымы бойынша:

І орын - «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Қасымхан Ғалым;

ІІ орын - «Болашақ» академиясының оқытушысы Ерзат Ермағамбетов;

ІІІ орын - Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының оқытушысы Әділет Жағыпар.