Бүгін: 11.12.2018

Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау және меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалар арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ү.ж.  12 қарашасында Ресурстық тіл орталығы әдіскерлерінің тарапынан Аграрлық техникалық колледж оқытушылары мен студенттеріне,14 қарашада 5451 әскери бөлімі мен Ж.Бектұров атындағы кітапхана қызметкерлері мен кішкентай оқырмандарына «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тәжірибиеілік тренингі өткізілді.

Аталмыш тренинг жаңа қазақ әліпбиін насихаттау арқылы қатысушылардың арасында оң пікір қалыптастыруға негізделген. Тренинг барысында латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі тжәне емле ережесінің жобасы туралы қысқаша теориялық ақпарат берілді. Сонымен қатар, Орталық мамандары сол ақпаратты тәжірибе жүзінде тапсырмалар, жаттығулар арқылы пысықтап, шараға қатысушылардың латын әліпбиінде жазу, оқу дағдыларын қалыптастырды.