Бүгін: 11.12.2018

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ү.ж. 28 қарашада Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері арасында «Үштілді көшбасшы» интеллектуалды байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, тілдің үштұғырлығы саясатын жүзеге асыру, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын)  жетік меңгерген жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

4 кезеңнен тұратын байқауға барлығы 8 студент қатысты. Қатысушыларға байқау  барысында тапсырмалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілді. Нәтижесінде үшінші орынды Жалғасбаев Бақдәулет, ал екінші орынды орынды Беркеев Асанали иеленсе, бас жүлде үш тілді жетік меңгергенін дәлелдей білген Цхай Алексейге табысталды. Қатысушылардың барлығы алғысхатпен, жүлделі орынды иеленген қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.