Бүгін: 24.08.2019

Ү.ж. 1 қазанда әдіскер Ж.О. Мухамеджанованың бастамасымен «Аудиодиктант» онлайн-акциясы бастау алды.

Акцияның тәртібі бойынша әр аптаның дүйсенбі күні WhatsApp желісінде топ ашылып, бейсенбіге дейін латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бойынша таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейсенбі күні сағат 16:00-де қатысушылар аудиомәтіді тыңдай отырып латын қарпімен диктант жазады.

Латын қарпінде жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған акция Республика көлемінде еріктілер арасында өткізілді. Атап айтқанда, аудиодиктанқа Астана, Қызылорда, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау қалаларының, Сұрыптау станциясының, Жаңаарқа ауданының тұғындары қатысты. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент,  Қызылорда, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск қалаларының оқыту орталықтарының тыңдаушылары мен «Ұлытау» ауданының тұрғындары, Барлығы 564 адам қамтылды. 

Қатысушылар ұялы телефондарына QAZAQ KEYBOARD қосымшасын жүктеп, өзара сұқбаттасу арқылы латын қарпімен жазып дағдыланып, аудиодиктантты жоғары деңгейде жазу мүмкіндігін туғызды. Қатысушылар онлайн-акцияның жаңа әліпбиде жазу дағдысын қалыптастыруға пайдалы екенін айтып, алғыстарын білдірді.