Бүгін: 21.09.2019

Ү.ж. 9 қаңтарда №102 мектеп-гимназиясында, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде және Қарағанды гуманитарлық колледжінде, 11 қаңтарда Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде және Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында, 15 қаңтарда Қарағанды техника-құрылыс колледжінде, 16 қаңтарда «Болашақ» және Банк колледждерінде Ресурстық тіл орталығының мамандары «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тәжірибелік тренингін өткізді.

Аталмыш тренинг 2018 жылдың тамыз айынан облыс аумағында латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау және меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалар арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізіліп жүр.

Тренинг жаңа қазақ әліпбиін насихаттау арқылы қатысушылардың арасында оң пікір қалыптастыруға негізделген. Тренинг барысында латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі және емле ережесінің жобасы туралы қысқаша теориялық ақпарат беріліп, қатысушыларға Орталық тарапынан жүргізіліп отырған жобалар таныстырылады. Сонымен қатар, Орталық мамандары сол ақпаратты тәжірибе жүзінде тапсырмалар, жаттығулар арқылы пысықтап, шараға қатысушылардың латын әліпбиінде жазу, оқу дағдыларын қалыптастырады.