Бүгін: 21.09.2019

 Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу болып табылады.

Осы ретте, ересек тұлғалардың жаңа қазақ әліпбиінде жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру, латыннегізді әліпбиде жазылған ақпараттарды визуалды түрде қабылдау, ішкі психологиялық кедергілерін жою мақсатында «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тренингіне облыс бойынша 66 мекемеден 1786 адам, оның ішінде Ресурстық тіл орталығы тарапынан 15 мекемеден 606 адам қамтылды.

Тренингтерге жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелердің, орталық атқарушы органдарға қарасты аумақтық департаменттердің, сот атқару жүйесінің, білім беру ұйымдарының, ЖОО мен колледждердің, кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қамтылды.

Тренингтердің барысында қатысушыларға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі және жаңа емле ережелеріндегі өзгерістер туралы қысқаша теориялық ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар латын графикасындағы әріптердің жазылуына, оқылуына мән беріп, тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы оқу және жазу дағдыларын қалыптастырды.