Бүгін: 21.11.2019

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Достық» үйінде «Онлайн режим мүмкіндігін пайдалана отырып оқытушылардың біліктілігін арттыру» семинарын ұйымдастырды. Мақсат: оқытушыларға онлайн-сабақтар көрсету, практикалық сабақтар өткізу жолымен қазақ тілін оқыту тиімділігін арттыру.

Семинарға​ тіл орталықтары мен курстарының ересектерге қазақ тілін оқыту жұмысын жүргізіп жүрген әдіскерлері мен оқытушылары, жоғары оқу орындарының орыс тілді топтарға қазақ тілінен сабақ беруші оқытушылары, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мамандары қатысты.

Шара тақырыбы өте өзекті. Себебі, әр оқытушы бүгінгі цифрлық заманда интернет пен түрлі заманауи бағдарламалардың әлеуетін толыққанды пайдалана білуі керек. Бүгінгі күні Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы бұл мүмкіндіктерді толыққанды игеріп, өз білімдерімен республика мамандарын сусындатуда. Бүгінгі шарада да орталық директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы, былтыр "Республикадағы ең үздік оқытушы" атағына ие болған әдіскер Қуанбаева Динара Әбілсейітқызы және оқытушы Омашева Лаура Қырғызбайқызы келесі тақырыптар бойынша практикалық сабақтар жүргізді:

 

  1. Мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары;
  2. STEAM жүйесі бойынша мультимедиялық технологияларды қолдану: мүмкіндігі мен артықшылықтары;
  3. Socrative, Playposit, Thinglink бағдарламалары;
  4. Онлайн режимдегі "Менің қалам" панорамалық сабағы;
  5. Онлайн оқыту барысында IDroo, RealTimeBoard виртуалды тақталарын пайдаланудың тиімділігі;
  6. Quizlet бағдарламасы –лексикалық минимумды игертудің заманауи тәсілі.

Қатысушылар осы тақырыпта тағы да тереңдетілген семинар өткізуімізге тілек білдірді. 2020 жылға жоспар жасау барысында бұл өтініш ескерілетін болады.

Шара соңында барлық 30 қатысушыға басқарманың арнайы сертификаттары табысталды.