Бүгін: 21.11.2019

13 маусымда Қарағанды қаласында «Ономастика жұмыстарын ұйымдастырудың заңнамалық негіздері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандар мен қалалардағы, ауылдық округтердегі тіл саласына жауапты мамандар қатысты.

Семинар-кеңес ономастика саласындағы жұмыстар жүргізу барысында ұстанатын басты принциптерді талдау, атау беру және оларды қайта атау кезінде жүзеге асырылатын процедуралар алгоритмін түсіндіру, туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдарын бірлесе талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек қатысушыларға Орталық Қазақстандағы топонимдердің қалыптасу тарихы, өңірдегі кісі есімдерінен туындаған жер-су аттары туралы толыққанды ақпарат берілді.

Іс-шара барысында Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, Қарағанды облысы әділет департаментінің нормативтік-құқықтық акітлерді тіркеу бөлімінің басшысы Изатов Әділхан Темірханұлы, Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мұратхан Айжан баяндама жасады.

Семинар-кеңес соңы лекторларға сұрақ қою, еркін пікір алмасу мен талқылауға ұласты. .