Бүгін: 24.10.2019

Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы (бұдан әрі - Сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.

Облыс әкімінің Сыйлығы жылына бір рет Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында өткізілетін салтанатты жиында табыс етіледі.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мен насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар Сыйлыққа үміткер ретінде келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы(облыстың мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ісіне айтулы үлес қосып жүрген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, штаттан тыс мамандары арасында);

«Тіл жаршысы» номинациясы (мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны және материал беру бірегейлігі мен кәсібилігі үшін баспа бұқаралық ақпарат құралдарыөкілдері (және штаттан тыс қызметкерлер)арасында;

«Үздік телехабар» номинациясы (тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы мәселелерді көтерген арнайы, сапалы телехабарлар ұйымдастырғаны және материалдарды берудегі шығармашылық пен бірегейлік үшін электрондыбұқаралық ақпарат құралдарыөкілдері  арасында);

«Жас полиглот» номинациясы (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдеконкурстарда, олимпиадаларда, жобаларда грамота, диплом, сертификаттар мен басқа да наградаларға ие болған 14-29 жас аралығындағы  жастар арасында);

«Тіл білгірі» номинациясы (мемлекеттік тілді еркін меңгерген, облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері болып табылатын 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында);

«Мемлекеттік тіл - бизнесте» номинациясы (облыс аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтугеүлес қосып жүрген шағын және орта бизнес өкілдері арасында);

«Үздік оқытушы» номинациясы(ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда жетістіктерге жеткен, тіл үйретуде озық технологияларды, жаңа әдістерді қолданатын, бірегей әдістемелік өнімдердің авторы болып табылатын тұлғалар арасында);

«Тіл майталманы» номинациясы(мемлекеттік тілді дамыту мен танымалетуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың әзірлеушілері мен жүзеге асырушылары болып табылатын, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген35 жастан асқан шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында);

Номинацияға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) түйіндеме, өмірбаян, мекемеден ұсыныс-мінездеме;

2)жұмыс процесінде түскен, ресми, бейресми форматтағы жоғары сапалы фотосуреттер (сонымен қатар міндетті түрде электронды форматта ұсыну қажет);

3) жеке куәлік көшірмесіжәне 20 таңбалы ағымдағы шот;

4) мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру бойынша жобалық ұсыныс;

5) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында жеткен жетістіктерін растайтын құжаттардың және материалдардың сапалы көшірмелері (грамоталар, дипломдар, алғысхаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телехабарлар, бағдарламаларда қатысқанын растайтын анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ғана ұсынылуы тиіс.

Сыйлыққа үміткер тек бір номинация бойынша қатыса алады, сонымен қатар Сыйлық лауреатының құжаттары үш жыл көлемінде қайта қабылданбайды.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, пікір  берілмейді.

«Тіл жанашыры» сыйлығына үміткерлердің материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қабылданады. Материалдар электрондық поштамен қабылданбайды. Материалдарды қабылдаудың соңғы күні: 2019 жылғы 23 тамыз.

Анықтама телефоны:8/7212/567476.