Бүгін: 23.08.2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санатына: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақысы, теңге

min

max

D-О-3

126357,00

170 599,00


«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 100012, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/56-74-76, факс 56-93-48,
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс  бөлімінің басшысы (1 бірлік, №3-1, D-O-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысының негізгі бағыттарын белгілейді, бөлім  қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Аудан, қалалар бойынша елді мекен атауларына сараптама жасап, олардың тарихи атауларын қайтару, транскрипциясын ретке келтіру сияқты жұмыстарды жүйелі және жоспарлы түрде іске асырады.  Аудан, қалалар бойынша көше, шағын аудан т.б. үнемі сараптама жасап, оларды ұлттық менталитетке сәйкестендіру мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізеді. Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді. Облыстық ономастикалық комиссия отырысына құжаттарды дайындауға бақылау жасайды. ҚР «Тілдер туралы» Заңының 21 бабының орындалуын бақылайды. Бағдарламаларды, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу жоспарларын әзірлеп, үйлестіреді, азаматтық  қоғам институттарымен қарым-қатынас,  өңірдегі тілдік процестерге мониторинг және талдау жүргізеді. Бөлім жұмыстарын жоспарлауды жүзеге асырады: айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлар, ақпараттық-насихаттау тобының жұмыстарын ұйымдастырады, өңірдегі ұлтаралық, тілдік және демографиялық ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтанулық зерттеулерді дайындайды. Ономастика саласы бойынша көрнекі құралдардың заңдылығын айқындап, заңға қайшы келетін көрнекі құралдар бойынша тиісті органдармен жұмыс жасап, заңға сәйкестендіреді. Басқарманың өткізген іс-шараларына ақпараттық-насихаттық қолдау жасауды ұйымдастырады. Тіл саясатын насихаттау бойынша облыстық медиа-жоспардың әзірленуін қадағалайды. Қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастарды жүзеге асырады. Басқарма тарапынан өткізілген іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында таралуын ұйымдастырады. Семинар, конференция  және басқа да шаралардың сапалы ұйымдастырылып, өткізілуін қамтамасыз етеді. Басшылыққа бөлімнің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология, тарих), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (журналистика) немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі). «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде  «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

__________________________________________________________________

 

__________                                       ____________________________________

     (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.