Бүгін: 06.12.2019

Бүгін Достық үйінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауының қорытынды кеші өтті. Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру, өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлеріне қолдау көрсету, Ақселеу Сейдімбектің ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармалашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Биыл қатарынан алтыншы мәрте өткізіліп отырған байқауда 16 мен 35 жас барлығы 49 үміткер поэзия, проза, көсемсөз жанрларында шығармаларын ұсынды. Байқауда келесі қазылар алқасы төрелік етті:

Жарылғапов Жансая Жанғазыұлы – қазылар алқасының төрағасы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;

Рақымов Берік Серікбайұлы – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры,  филология ғылымдарының докторы;

Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлы – айтыскер ақын, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры,  филология ғылымдарының докторы;

Сағынтай Серік Сағынтайұлы – ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының директоры, «Қасым» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы;

Құрмансейітов Ахат Құрмансейітұлы – «Орталық Қазақстан» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Әділқазы мүшелері әрбір автордың сөз саптау мәнері, ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, туындының көркемдік сапасына назар аударды. Қазылар алқасының шешімімен  Ақселеу Сейдімбек атындағы бас жүлде иегері болып жас та болса, есімі елге танылып үлгерген журналист, публицист, «Сарыарқа-Ақпарат» ақпараттық агенттігінің редакторы Ерболат Қуатбек анықталды.

Поэзия аталымы бойынша:

І орын - Қайрат Иманбеков, Қарағанды қаласының №8 ЖББ мектебінің мұғалімі;

ІІ орын - Жандос Боранбаев, Қарқаралы ауданы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері;

ІІІ орын - Кәмшат Хасен, Қарағанды банк колледжінің оқытушысы.

Проза аталымы бойынша:

І орын - Абай Ораз, Сәтбаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы;

ІІ орын - Ерзат Ермағамбетов, Қарағанды «Болашақ» академиясының аға оқытушысы;

ІІІ орын - Гүлжайна Сыдықова, Теміртау қаласы тілдерді дамыту орталығының оқытушысы.

Публицистика аталымы бойынша:

І орын - Нұрлыхан Қалқаман, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің тілшісі

ІІ орын - Әйгерім Асылхан, Жаңаарқа аудандық кітапханасының қызметкері;

ІІІ орын - Абылай Каринов, Абай аудандық «Абай-ақиқат» газетінің тілшісі.

Кеште Ақселеу әндері шырқалып, Ахаңның мол мәдени мұрасы мен өнегеге толы өмірі дәріптелді.