Бүгін: 28.05.2020

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхаммедғали Ілиясұлы Әбдуовтың құрастыруымен жарыққа шыққан «Тура биде туған жоқ» кітабының тұсаукесері өтті.

XVIII-XIX ғғ. Орталық Қазақстанда ғұмыр кешкен Байдалы, Қараменде Төлемісұлы, Қараменде Шақаұлы, Шабанбай, Жанқұтты, Шоң Телғозұлы секілді би-шешендер туралы өмірбаяндық деректер мен олардың фольклорлық мұрасы топтастырылған жинақ Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жарық көрді.

Жоба ұлттық патриотизмнің орнығуына ықпал ету, тілдік мәдениетті арттыру, шешендік мұраны дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды. Ғылыми-көпшілік еңбекте берілген шешендік сөздер жанрлық және кезеңдік тұрғыдан жүйеленіп, оларға теориялық тұрғыдан сараптама жасалған, шешендік сөздердің тарихи-әлеуметтік маңызын ашу, тағылымдық-тәрбиелік мәнін айқындалып отыр. Зерттеу жұмысын іске асыру және кітапты құрастыру кезінде ғалымдардың жариялаған материалдары, мұрағат қорларындағы деректер және ауызша жеткен аңыз-әңгімелер негізге алынды.