Бүгін: 28.05.2020

Бүгін Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде Балқаш және Приозерск қалалары бойынша Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық филиалы, «ҚарағандыЖылуСбыт», «Қарағанды Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларының ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы туралы баяндамалары тыңдалды. Жиын қорытындысында аталған мекемелер қызметінде тіл туралы заңнама талаптарының ішінара орындалмау жағдаяттарына ескертпелер айтылып, облыс өңірлері әкімдіктеріне тапсырмалар берілді, комиссияның келесі жылға арналған жоспары бекітілді.